Әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы алғаш рет жеңілді

Әйелдер арасындағы ӘЧ: Қазақстан құрамасы алғаш рет жеңілді

Қазақстандық боксшы Анита Адишева Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

52 келіге дейінгі салмақта 1/16 финал кезеңінде Адишева мексикалық Эсмеральда Жасмин Патиньо Хуареспен кездесіп, төрешілер шешімімен (2:3) жеңіліп қалды. Үшінші раундта рефери Патиньо Хуареске нокдаун санады.

Осылайша, Анита Адишева жарысты мерзімінен бұрын аяқтады, бұл Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы жеңілісі болды.

Сондай-ақ, бүгін 54 келі салмақта Жайна Шекербекова шаршы алаңға шығуы тиіс еді. Алайда оның қарсыласы, IBA «Fair Chance Team» командасы атынан сынға түскен боливиялық Джускарли Патрисия Бесерра Монтесинос жекпе-жекке шықпай, нәтижесінде Шекербекова келесі кезеңге түрде өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или