UFC 314 басты карды белгілі болды

UFC 314 нөмірлі турнирінің басты кардындағы жекпе-жектер жарияланды. Аталған турнир 13 сәуірде Майамиде (АҚШ) өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Айта кетейік, басты жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақтағы (65 кг-ға дейін) бұрынғы чемпион, австралиялық Александр Волкановски бос титул үшін бразилиялық Диего Лопеспен кездеседі.
Турнирдің тағы бір басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 кг-ға дейін) бұрынғы титул үміткері, америкалық Майкл Чендлер ұлыбританиялық Пэдди Пимблеттпен күш сынасады.
UFC 314 басты кардындағы жекпе-жектер:
- Александр Волкановски (Австралия) – Диего Лопес (Бразилия) (чемпиондық жекпе-жек);
- Майкл Чендлер (АҚШ) – Пэдди Пимблетт (Ұлыбритания);
- Брайс Митчелл (АҚШ) – Жан Силва (Бразилия);
- Карлос Пратес (Бразилия) – Джефф Нил (АҚШ);
- Никита Крылов (Ресей) – Доминик Рейес (АҚШ).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или