Испанияда жеңілатлеттер жарысында күтпеген жағдай болды

Испанияда жеңілатлеттер жарысында күтпеген жағдай болды

Испанияның жабық кешендегі жеңіл атлетика чемпионатында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші болып келген жеңілатлет соңғы метрлерде жолын қиып өткен қарсыласын арқасынан итеріп жіберді. Салдарынан зардап шеккен спортшы қатты құлап, біраз уақыт орнынан тұра алмады.


Бұл әрекет жарыс ережесіне сай келмейтін мінез-құлық ретінде бағаланып, ережебұзушы қызыл қағаз алып, кейіннен жарыстан шеттетілді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или