Күрес түрлерінен АЧ: Додаға қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды

UWW ресми сайтында 25-30 наурыз аралығында Амманда (Иордания) күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанның әйелдер құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімде қыздар құрамасының көшбасшылары Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова да бар.
- 50 келі - Светлана Анкичева
- 53 келі - Зейнеп Баянова
- 55 келі - Зульфия Яхиарова
- 57 келі - Нилуфар Раймова
- 59 келі - Гүлдана Бекеш
- 62 келі - Тыныс Дубек
- 65 келі - Елена Шалыгина
- 68 келі - Ирина Казюлина
- 72 келі - Жәмила Бақбергенова
- 76 келі - Эльмира Сыздықова
2024 жылы Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық қыздардың бірде-біреуі финалға шықпай, тек 4 қола медальмен жарысты аяқтаған болатын.
Ал, 2023 жылы Астанада өткен құрлық біріншілігінде Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова чемпион атанды.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или