Әйелдер арасындағы ӘЧ. Бүгін тағы екі боксшымыз жекпе-жекке шығады

9 наурызда Сербияда бокстан әйелдер арасындағы әлем чемипонаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан атынан алғаш болып Алуа Балқыбекова (50 келі) мен Елдана Талипова (+81 келі) рингке шығып, бірінші жекпе жектерінде жеңіске жеткен болатын.
Сербиядағы жарыстың екінші күнінде екі боксшымыз шаршы алаңға шығады.
- 52 келі. 1/16 финал
Анита Адишева - Патино Хуарез (Мексика) - 54 келі. 1/16 финал
Жайна Шекербекова - Бекера Монтесинос (Колумбия)
Айта кетейік, 9 наурызда басталған әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 16 наурызға дейін жалғасады. Аталған жарысқа Қазақстаннан 12 бұрымды боксшы қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или