Жоао Пауло ҚПЛ-дағы мерейтойлы голын соқты

«Қайраттың» 36 жастағы бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло «Ордабасымен» (4:0) өткен ойында Қазақстан Премьер-лигасында 75-ші голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан Премьер-Лигасында «Ордабасы» сапында Жоао Пауло 2019 жылдың 9 наурызында Шымкентте «Шахтерге» қарсы (3:0) дебюттік матчын өткізді. Негізгі құрамда шығып, дубль авторы атанды. «Ордабасы» сапында барлығы 65 кездесу өткізіп, 35 гол соққан.
Екінші турда «Ордабасы» қақпасына соғылған гол (4:0) оның Премьер-лигада 75-ші голы болды. «Қайрат» сапында бүгінге дейін 82 кездесу өткізіп, 40 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или