АПЛ: «Арсенал» кезекті рет ұпай жоғалтты

АПЛ: «Арсенал» кезекті рет ұпай жоғалтты

Англия премьер-лигасының 28-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Арсеналмен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Манчестерде өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 45+2-минутта Бруно Фернандеш «Манчестер Юнайтедті» алға шығарғанымен, үзілістен кейін «Арсенал» есепті теңестіре алды: 74-минутта Деклан Райс гол соқты. 

Осы тең ойыннан кейін «Арсеналдың» 55 ұпайы бар, бұл оларды Премьер-Лига кестесінде екінші орында, ал «Манчестер Юнайтед» 34 ұпаймен 14-орында.

Чемпионатта 70 ұпаймен «Ливерпуль» сенімді көш бастап тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или