«Астана» шабандозы «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңінде 6-орын алды

«Астана» шабандозы «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңінде 6-орын алды

Бүгін Францияда «Париж-Ницца» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші кезеңде Soudal Quick-Step командасының бельгиялық шабандозы Тим Мерлир жеңіске жетті. Екінші орын Arkéa-B&B Hotels компаниясынан франциялық Арно Демарға бұйырды. Үшінші нәтижені Tudor Pro-ның италиялық шабандозы Альберто Дайнезе көрсетті.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені алтыншы болып келген Евгений Федоров көрсетті.

«Париж-Ницца». Бірінші кезең

Ле Пере-ан-Ивелин — Ле Пере-ан-Ивелин. 156.1 километр

1. Тим Мерлир (Бельгия, Soudal Quick-Step) — 3:32:03

2. Арно Демар (Франция, Arkéa-B&B Hotels)

3. Альберто Дайнезе (Италия, Tudor Pro)

6. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана»)

19. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана»)

45. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана»)

50. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана»)

80. Николя Винокуров (Қазақ тан, «Астана»)

82. Харольд Техада (Колумбия, «Астана»)

142. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +4:33.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или