Киммих «Баварияда» қалатын болды

Киммих «Баварияда» қалатын болды


Германия ұлттық құрамасы мен "Бавария" клубының жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих неміс клубымен жаңа келісімшартқа отырады.

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап 2029 жылға дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қояды екен.

Осыған дейін Йозуаға "ПСЖ" клубы ресми ұсыныс жасаған еді. Бірақ ойыншы ол ұсыныстан бас тартқан көрінеді.

Сондай-ақ мюнхендіктер Дайо Упамеканомен де арадағы келісімшарт мерзімін ұзартуға (2030) жақын.

Айта кетейік, Киммихтың "Бавариямен" келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін жарамды. Осы маусымда Бундеслигада ол 24 матч өткізіп, бір гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или