UFC 313: Алекс Перейра UFC ресейлік файтерден ұтылды

Қазақстан уақыты бойынша бүгін таңертең Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) UFC 313 турнирінің басты сайысында бразилиялық файтер Алекс Перейра (12-2) мен ресейлік Магомед Анкалаев (20-1-1) кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Перейра жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы титулын бәске тікті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек төрешілер шешімімен Анкалаевтың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Магомед спорттық мансабындағы 21-ші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуді иеленсе, Перейра ММА-да үшінші рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или