ММА. Қазақстан тумасы UFC 313 Гейджиден жеңілді

UFC 313 турнирінің екінші маңызды жекпе-жегінде Әзірбайжан атынан жұдырықтасатын қазақстандық Рафаэль Физиев (12-3) мен америкалық файтер Джастин Гейджи (25-5) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа cозылып, төрешілер шешімімен Гэтжидің пайдасына аяқталды (29-28, 29-28, 29-28). Осылайша, Джастин мансабындағы 26-шы жеңісіне қол жеткізсе, Физиев ММА-дағы төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Гейджи мен Физиев сегізбұрышта бір-бірімен кездесіп үлгерген. 2023 жылдың наурыз айында UFC 286 турнирінде де америкалық файтер жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или