ММА. UFC 313 турнирінде ауыр нокаут тіркелді

UFC 313 турнирінде 28 жастағы бразилиялық Маурисио Руффи 38 жастағы америкалық Бобби Гринді мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші раундтың үшінші минутында Руффи Гриннің аяқпен басынан соққы жасап, ауыр нокаутқа түсірді. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатып, бразилиялықтың нокаутпен жеңісін тіркеді.
Осылайша, Руффи он екінші жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или