Қазақстан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде екінші күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде екінші күміс медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті.

Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапониялық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.

Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсеткен еді.

Фото: Алексей Пак

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или