Қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

Қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Карими еркін жаттығуларда екінші нәтиже көрсетті.

Финалда ол 14,300 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.

Жарыста беларусьтік Егор Шарамков (14,600) жеңіске жетті, ал үздік үштікті украиналық Назар Чепурный (13,633) түйіндеді.

Айта кетейік, Милад кермедегі жаттығудың финалына да қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или