40 жастағы Криштиану Роналду тағы бір рекорд жаңартты

40 жастағы Криштиану Роналду тағы бір рекорд жаңартты

Жұма күні кешке Сауд Арабиясы чемпионаты матчында «Аль-Наср» мен «Аль-Шабаб» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

«Аль-Насрдың» екінші голын жұлдызды шабуылшы Криштиану Роналду соқты. Осылайша, 40 жастағы португалиялық футболшы гол саны бойынша әлемдік рекордты тағы да жаңартты. Роналду мансабында 926 гол соққан – бұл әлемдегі ең үздік көрсеткіш.

Айта кетейік, бұл рейтингте екінші орында 852 гол соққан Лионель Месси, үшінші орында Пеле (762 гол) тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или