«Қайрат» — «Ордабасы»: 2024 жылғы чемпион 2023 жылғы чемпионды жеңе ала ма?

2025 жылдың 8 наурызында Алматыдағы «Орталық» стадионда жергілікті «Қайрат» пен шымкенттік «Ордабасы» арасында Қазақстан Премьер-лигасының 2-тур ойыны өтеді.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Қайрат»
Алматылық ұжым 2024 жылы ел чемпионатында топ жарды. Бірақ қарсыластарынан оқ бойы озық келді деп айта алмаймыз. Жеңімпаз соңғы турда ғана аяқталды. Егер «Қайрат» соңғы турда «Атырауды» жеңе алмаса, алтын медаль «Астанаға» бұйыруы мүмкін еді. Қалай болғанда да тартысты маусымда «Халықтық команда» өз тарихындағы төртінші титулына қол жеткізді.
Ал жаңа маусым басталғаннан бері «Қайрат» 2 ресми матч өткізіп үлгерді. Алдымен Қазақстан Суперкубогында «Ақтөбені» 2:0 есебімен жеңсе, ел чемпионатының 1-турында сырт алаңда «Астанамен» тең ойнады (1:1). «Астана Аренада» өткен матчта алматылық команда қоржынға түскен бір ұпайдан бөлек, жас шабуылшысы Дастан Сәтбаевтың соққан голы үшін де қуанышты болғаны анық. Команда қысқы трансфер маусымында біршама белсенді болып, Луиш Мата, Дан Глейзер, Александр Заруцкий, Жоржиньо, Еркін Тапалов қатарлы ойыншыларды қатарға қосты.
«Ордабасы»
Ал 2023 жылғы маусымның чемпионы «Ордабасы» былтыр ел чемпионатын 4-орынмен аяқтады. Еурокубок маусымында да сәтті өнер көрсете алмады. Бұл жанкүйерлердің наразылығын туғызып, команда бас бапкерін ауыстырып, құрамды біршама жаңартты.
Шымкенттік команда жаңа маусымның алғашқы турында «Ақтөбемен» тең ойнады. Түркістанда өткен кездесуде гол соғылған жоқ. Бірақ жанкүйер қауым «Ордабасының» ойыны былтырғыға қарағанда ширап қалғанын байқады. Молдовалық маман Андрей Мартин шәкірттері биылғы маусымда чемпиондыққа атаққа талас жүргізуі мүмкін. Қысқы трансфер кезінде командаға Дарио Чанаджия, Эвертон Мораес, Кайоде Салиман, Никола Антич, Шериф Жимо, Рашид Абубакар, Лука Имнадзе, Дмитрий Челядник, Виктор Мудрак сияқты шетелдік шеберлер келді.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы бұл матчқа мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: «Қайраттың» жеңісі – 2.07, «Ордабасының» жеңісі – 3.46. Ал матч тең аяқталады деген бәске – 3.28 коэффициент береді.
Сондай-ақ, Tennisi.kz бұл кездесуде екі командада гол соғады деген бәске – 1.80 коэффициент беріп отыр. Қос команда арасындағы соңғы 5 матчтың төртеуінде екі командада гол соққанын ескерсек, бұл бәс көңілге қонымды сияқты көрінеді.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.