Ислам Махачев UFC-де 25 жеңісі бар файтерден жекпе-жекке шақырту алды
Америкалық файтер Джастин Гейджи UFC жеңіл салмақтағы чемпион, ресейлік Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
9 наурызға қараған түні 36 жастағы Гейджи UFC 313 турнирінде әзербайжандық Рафаэль Физиевпен кездеседі.
«Физиевті жеңемін. Одан кейін Махачевпен жекпе-жек өткізгім келеді», – деп келтіреді Гейджидің сөзін ТАСС.
Гейджи мен Физиев алғаш рет 2023 жылы 18 наурызда Лондонда өткен UFC 286 турнирінде кездесіп, америкалық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. 27 ақпанда Физиев жарақат алған жаңазеландиялық Дэн Хукердің орнына шығатыны белгілі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или