Қазақстандық дзюдошы әлемдік Гран-при жарысының чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы әлемдік Гран-при жарысының чемпионы атанды

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Мизуки Харадамен кездесіп, 10:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, Әбужақынова Гран-при жарысының чемпионы атанды.

Еске салайық, Абиба жартылай финалдаНидерланд спортшысы Амбер Херсьесті, ширек финалда австриялық дзюдошы Спрингер Жаклинді жеңген еді.

Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы 2022 және 2024 жылдары өткен әлем чемпионатында қола жүлдеген атанған болатын. 2021 және 2022 жылдары Азия чемпионатында күміс медаль иеленген еді.

Ал 2024 жылғы Париж Олимпиадасында бесінші орын алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или