«Барыс» сапындағы Қазақстан құрамасының екі қақпашысы жарақат алды

«Барыс» сапындағы Қазақстан құрамасының екі қақпашысы жарақат алды

Елордалық «Барыс» хоккей командасы негізгі үш қақпашысыз қалып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алдымен Никита Бояркин жарақаттан бірнеше айға ойынға қосыла алмайтын болды. Бұл жөнінде агент Шуми Бабаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Одан кейін Андрей Шутовтың елордада «Сибирьмен» өткен кездесуінде алған жарақатына байланысты оны бірінші кезеңнен кейін Аркадий Шестаков алмастырды.

Никита Бояркин мен Андрей Шутов Қазақстан ұлттық құрамасында ойын көрсетеді. Никита Бояркин 2025 жылғы әлем чемпионатына бара алмайтыны белгілі болса, Андрей Шутовтың қашан жарақатынан айығатыны белгісіз.

Сондай-ақ баспасөз мәслихаты барысында «Барыс» командасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев маусым соңына дейін швециялық қақпашы Юхан Маттссон жарақатына байланысты қатардан шығып қалғанын атап өтті.

Қазір «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңінде 33 ұпаймен 23-орында келеді. Елордалық ұжым плей-офф сатысына шығудан шет қалып қойды.

Енді «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде алты ойын өткізеді. Алдымен 8 наурызда елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен кездессе, одан кейін Ресейде 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток), 15 наурызда «Амур» (Хабаровск), 17 наурызда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен ойнайды.

Ал елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан), 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или