Шаңғы жарысынан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының эстафетадағы нәтижелері

Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Әлемдік біріншілік аясында ерлер арасында 4х7,5 шақырымдық эстафета өтті.
Біздің еліміздің намысын Ернар Нұрысбеков, Владислав Ковалев, Виталий Пухкало және Олжас Климин қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша командамыз 27 құраманың ішінде 16-орынға ие болды. Бірінші орынды Норвегия иеленсе, Швейцария екінші, Швеция үшінші орынға тұрақтады.
7 наурызда әйелдер арасында эстафеталық жарыс өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 17:15.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или