Еуропа лигасы: «Рома» өз алаңында «Алтетикті» ұтты

Еуропа лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойында италиялық «Рома» өз алаңында испандық «Атлетикті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Римде өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 50-минутта Иньяки Уильямс «Атлетикті» есепті алға шығарды, бірақ «Рома» бірден таразы басын теңестірді: 56-минутта Андхелино гол соқты. 90+4-минутта өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов мергендік танытып, «Ромаға» жеңіс сыйлады.
«Рома» мен «Атлетик» арасындағы қарымта ойын 13 наурызда Бильбаода өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или