ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын 48-ден 64 командаға дейін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр

ФИФА 2030 жылғы әлем чемпионатын 48-ден 64 командаға дейін кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатыр

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2030 жылғы әлем чемпионатын турнирдің жүз жылдық мерейтойына орай 48-ден 64 командаға дейін кеңейтуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz. 

The Athletic мәліметіне сәйкес, мұндай идеяны 1930 жылы алғашқы әлем чемпионаты өткен Уругвай елінің делегаты ұсынған.

ФИФА президенті Джанни Инфантино бұл бастаманың жан-жақты талдауды қажет ететінін атап өтті. Алайда ұйым кеңесінің басқа мүшелері бұл ұсынысты қабылдамай тастауы мүмкін екені де айтылуда.

2026 жылы Солтүстік Америкада өтетін әлем чемпионатында қатысушы командалар саны 48-ге дейін ұлғайтылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или