Волейболдан Қазақстан чемпионаты: өскемендіктер «Қуанышты» қапы қалдырды

Волейболдан Қазақстан чемпионаты: өскемендіктер «Қуанышты» қапы қалдырды

Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде «Берел» мен «Қуаныш» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өткен жылы Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын өскемендіктер күміс медальді олжаласа, солтүстікқазақстандықтар (бас бапкері Азамат Есімов) үздік үштікке іліккен еді.

Бұл жолы бірінші жартылай финалдық бәсекеде алаң иелері шеберліктерінің басым екендігін танытты - 3:0 (25:23, 25:19, 25:22).

Енді «Берелге» ертеңгі ойында жеңсе, жетіп жатыр, финалға шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Қазақстан чемпионатында «Жетісудың» жартылай финалда «Тұранды» тізе бүктіргенін жазған болатынбыз.

Өткен жылы жүлделі орындардан тыс қалған талдықорғандықтар осыған дейін чемпионатта қатарынан 16 матчта жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партия соңында Асқар Шалқыбековтің шәкірттері 22:20 есебімен алға шыққанымен, сол мүмкіндікті пайдалана алмады — 22:25. Бұдан кейін Марко Гршич жаттықтыратын «Жетісу» дес бермеді — 25:15, 25:19. Қорытынды есеп — 3:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или