«Барыс» ҚХЛ матчында сенсация жасады

Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында елордалық «Барыс» новосибирскілік «Сибирь» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші кезең алаң иелерінің пайдасына шешілді – есепті Алихан Асетов ашты. Екінші кезеңде Всеволод Логвин есеп айырмасын арттырды, алайда қарсылас команда есеп айырмасын қысқарта алды. Соңғы жиырма минуттық кезеңде елордалықтар есепті 4:1 қылды. Никита Сетдиков дубль авторы атанды. Осылайша «Барыс» өз айдынында жеңіске жетті.
«Барыс» келесі матчын 8 наурызда өз айдынында мәскеулік ЦСКА-ға қарсы өткізеді.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Сибирь» (Новосибирск, Ресей) 4:1 (1:0, 1:1, 2:0)
Шайбалар: 1:0 — 17:54 Әсетов (Бекетаев, Қайыржан)
2:0 — 27:46 Логвин (Симонов)
2:1 — 31:25 Белоусов (Пьянов)
3:1 — 58:59 Сетдиков (Бекетаев)
Қақпашылар: Шестаков — Костин