Асу Алмабаевтың бапкері спортшының алдағы жоспары туралы айтты

Асу Алмабаевтың бапкері спортшының алдағы жоспары туралы айтты

DAR Team командасының бапкері Эдуард Базров UFC Fight Night 253 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалған қазақстандық спортшы Асу Алмабаевтың алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әрине, Асуда көз жарақаты бар, қазір оны емдеу керек. Ол кеше маманға барды, дәрігерлер көзді емдеу қажет екенін айтты. Әзірге осы мәселемен айналысамыз. Екі аптада Асу қатарға оралып, жаттығуға қайта кіріседі деп ойлаймын. Жоспарымыз – дайындалып, UFC-ден жаңалық күту. Болжам бойынша, жаздың ортасында келесі жекпе-жекке шығуға дайын боламыз» – деді Эдуард Базров.

Еске салайық, бес раундқа жоспарланған жекпе-жек үшінші раундта аяқталды: рефери португалиялық спортшының ұзақ әрі сәтті шабуылынан кейін кездесуді тоқтатты. Дәл осы үш минуттықта Капе Асу Алмабаевтың көзіне саусағымен тиген, алайда рефери бұл сәтті байқамай, жекпе-жекті жалғастыруды бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или