Моуринью: «Галатасарайдың» айыптауы бумеранг болып өздеріне қайтты

Моуринью: «Галатасарайдың» айыптауы бумеранг болып өздеріне қайтты


«Фенербахче» бас бапкері Жозе Моуринью өзін нәсілшілдікке айыптаған «Галатасарай» туралы пікір білдірді.

Ол қарсылас командасының ойыншылары мен бапкерлерін «маймылша секірді» деп сипаттағаны үшін екі ойынға шеттетілген еді.

«Олар менің өткенімді білмеді. Африкамен, африкалық адамдармен, ойыншылармен және қайырымдылық ұйымдарымен байланысымнан хабарсыз болды. Сондықтан бұл шабуыл бумеранг сияқты өздеріне қайтып келді.

Маған қандай мінез тән екенін бәрі біледі. Менің жаман қасиеттерім жетерлік, бірақ нәсілшілдік оған жатпайды. Керісінше! Ең бастысы – мен өзімді жақсы білемін. Бұл айыптаулар – қате қадам», – деді Моуринью Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или