Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды

"Қазақстан барысы" турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды.
"Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ұлан Рысқұл Жетісу облысының спорт басқармасын бұған дейін де басқарған еді. Бұл қызметке 2023 жылғы 16 наурызда тағайындалған болатын.
Дереккөз: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или