Шаңғы жарысынан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер шығады

Тронхеймде (Норвегия) шаңғы жарысынан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 6 наурыз ерлер арасында 4×7,5 шақырымдық эстафеталық жарыс өтеді.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының атынан Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Ернар Нұрысбеков және Владислав Ковалев өнер көрсетеді. Бәсеке Астана уақытымен 18:00-де басталады.
Айта кетейік, 5 наурызда командалық спринт өткен болатын. Бұл жарыста ерлер құрамасы 18-орын алса, әйелдер командасы 16-орынмен жарысты аяқтады.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или