Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Калгари қаласында (Канада) өткен шорт-тректен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz
Жарыстың соңғы күнінде спортшыларымыз төрт медаль жеңіп алды.
Жекелей жарыстарда Алина Әжғалиева 1000 метр қашықтықта қола медаль иеленді. Сондай-ақ, қыздар құрамасы 3000 метрлік эстафетада күміс медаль еншілесе, ерлер құрамасы дәл осы қашықтықта қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар, қазақстандық жасөспірімдер ел тарихында алғаш рет аралас эстафетада қола жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасының медальдық көрсеткіші:
Қола, 1000 м (қыздар):
- Әжғалиева Алина
Күміс, қыздар эстафетасы (3000 м):
- Әжғалиева Алина
- Құмарқан Зейнеп
- Омельчук Полина
- Галечина Анастасия
Қола, ерлер эстафетасы (3000 м):
- Вехов Богдан
- Уалиулла Максат
- Қайырбеков Нұрлан
- Тажибай Динмухамедалдияр
Қола, аралас эстафета:
- Әжғалиева Алина
- Құмарқан Зейнеп
- Галечина Анастасия
- Тажибай Динмухамедалдияр
- Қайырбеков Нұрлан
- Вехов Богдан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или