Ербол Мырзабосынов IX қысқы Азия ойындарын қорытындылады

Ербол Мырзабосынов IX қысқы Азия ойындарын қорытындылады

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов IX қысқы Азия ойындарын қорытындылап жиын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Харбиндегі құрлық додасында Қазақстан спортшылары небәрі 4 алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте төртінші орын алған болатын. Ел тарихында бұл ең төменгі көрсеткіш болып есептелді. Осынау сәтсіздіктен кейін төмен нәтиже көрсеткен федерациялардың басшылары жазаланады деп күтілген. Алайда, Ербол Мырзабосынов төмен нәтижеге алаңдаушылық білдіруден әріге бармады.

«Федерацияларға барлық қажетті жағдай жасалған, мамандар мен заманауи техникамен қамтамасыз етілген. Бірақ кейбір спорт түрлерінде нәтижелер көңіл көншітпейді. Бұл жағдайдың себептерін жан-жақты зерттеу қажет. Спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық әдістер мен ғылыми негізделген тәсілдерді енгізу қажет», – деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ, Мырзабосынов келер жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты қазірден күшейтуді тапсырып отыр.

XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или