Indian Wells BNP Paribas Open: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Калифорнияда Мастерс сериясындағы турнир – Indian Wells BNP Paribas Open басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл – маусымдағы ерлер мен әйелдер бір уақытта бақ сынайтын санаулы турнирлердің бірі.
Бұл жарыста Қазақстан намысын Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина (жұптық сын), Александр Бублик және Александр Шевченко қорғайды.
Кеше жекелей сындағы негізгі кезеңнің жеребесі тартылды. Жоғары рейтингіне байланысты Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жарысты екінші айналымнан бастайды. Жұптық бәсекенің жеребесі кейін жарияланады.
Жекелей сындағы Қазақстан теннисшілерінің алғашқы қарсыластары:
Елена Рыбакина (WTA №7) – Мари Бузкова (WTA №50) / Сюзан Ламменс (WTA №64)
Юлия Путинцева (WTA №20) – Мария Карле (WTA №103) / Катерина Синякова (WTA №59)
Александр Бублик (ATP №82) – Юсуке Ватануке (ATP №349)
Александр Шевченко (ATP №98) – Ринки Хиджиката (ATP №83)