Әзербайжан құрамасының бұрынғы футболшысы Мәскеуде тұтқындалды

Әзербайжан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Абдулла Абациев аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша қылмыстық іс аясында тұтқындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sport Baza телеграм-арнасының мәліметінше, 31 жастағы спортшы алаяқтық схемада курьер ретінде әрекет еткен. Қылмыскерлер 79 жастағы мәскеулік зейнеткерді 14 миллион рубль беруге көндірген.
Абациев Әзербайжан құрамасы сапында бір матч өткізіп, 2014 жылы мамырда АҚШ-пен өткен жолдастық кездесуге (0:2) қатысқан. Клубтық деңгейде ол «СКА Ростов», «Олимп Химки», «Машук-КМВ», «Армавир» командаларында ойнаған. Соңғы уақытта ол Fight Nights медиа-командасының намысын қорғаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или