Керим Даидов жаңа салмақта қайта оралады

Қазақстандық файтер, OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Керим «Доктор» Даидов (10-1) 19 сәуір күні Алматыда өтетін OCTAGON 71 турнирінде октагонға қайта шығады. Бұл жолы ол орта салмақтан полутяжел салмаққа ауысады. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Даидов жалғыз жеңілісін отандасы Мұрад Абдурахмановтан (11-3) нокаутпен қабылдап, чемпиондық белбеуден айырылған еді.
Бұл кештің басты жекпе-жегі – Қазақстандық чемпион Аян Тұрсын (7-0) мен Қырғызстан өкілі Фарида Абдуева (4-1) арасындағы титулдық айқас болмақ. Олар әйелдер арасындағы минималды салмақта белбеу үшін жұдырықтасады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 71 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или