Төрт қазақстандық семсерлесуден Грекияда өтетін Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетеді

Грекияның Гераклион қаласында 7-9 наурыз аралығында саблямен семсерлесуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтеді.
Халықаралық турнирде Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды.
Медаль мен рейтингтік ұпайлар үшін Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Диляра Исабекова күреседі.
Жекелей сайыстар 7-8 наурыз күндері өтсе, 9 наурызда командалық турнир ұйымдастырылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или