Қазақстандық футболшы мансабын Арменияда жалғастырады

23 жастағы қазақстандық қорғаушы Мәди Шауалиев Арменияның «Никарм» клубымен келісімшартқа отырды. Келісімнің егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
«Никарм» – Арменияның Бірінші лигасында (елдегі екінші деңгейлі дивизион) өнер көрсететін команда. Бұған дейін Шауалиев 2024 жылдың алғашқы жартысын Ресейдің «Армавир» клубында өткізген.
«Астана» мен «Алтай» академиясының түлегі саналатын қорғаушы «Жас Сұңқар», SD Family, Украинаның «Николаев U17» және Қырғызстанның «ОшМУ-Алдиер» клубтарында да ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или