Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаков ҚХЛ-да жеке рекорд орнатты

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаков ҚХЛ-да жеке рекорд орнатты

«Адмиралдың» қазақстандық шабуылшысы - Аркадий Шестаков ҚХЛ-да гол соғу бойынша жеке рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы өскемендік хоккейдің түлегі маусымдағы 59 ойында 26 (12+14) ұпай жинады. Оның үстіне хоккейші 5 ойын қатарынан ұпай жинап келеді.

Айта кетейік, өткен маусымда Аркадий Шестаков астаналық «Барыс» сапында 68 кездесуде 25 (15+10) ұпай еншіледі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или