Волейбол: Ел чемпионатында жартылай финалға шыққан төртінші команда анықталды

Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында «Қуаныш» жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inforrm.kz-ке сілтеме жасап.
Азамат Есімов жаттықтыратын солтүстікқазақстандық клуб Б тобында «Алматымен» (бас бапкері Рафаэль Гилязутдинов) кездесті.
Бірінші партияда «Қуаныш» 25:19 есебімен басым түссе, екіншісінде де жеңісті уысынан шығарған жоқ — 25:22. Үшінші сет 25:19 есебімен аяқталды. Қорытынды есеп — 3:0.
Осылайша, жартылай финалға жолдама алған «Қуаныш» Өскеменнің «Берелімен» шеберлік байқасатын болды.
Екінші жартылай финалда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан) командалары өзара сынға түседі.
Жартылай финалда екі рет жеңген клуб соңғы, чемпиондық бәсекеге жолдама алады.
Қалған төрт команда 5-8-орындарды сарапқа салады.