Михаил Шайдоров триумфтан кейін халықаралық сыйлыққа ұсынылды

Михаил Шайдоров триумфтан кейін халықаралық сыйлыққа ұсынылды

ISU Skating Awards үздік костюмі номинанттарының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізім Халықаралық конькишілер одағының (ISU) сайтында жарияланған. 3-9 наурыз аралығында жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері арасында дауыс беру өтеді. Қысқа тізім кейінірек ұсынылады, оның ішінен жеңімпаз 30 наурызда таңдалады.

Үміткерлер тізімінде өткен айда Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанған мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров та бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или