Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан өтетін алдағы әлем чемпионатының бастапқы тізімдерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Биылғы әлем чемпионаты 25-30 наурыз аралығында АҚШ-тың Бостон қаласында өтеді.

ISU мәліметіне сәйкес, бұл беделді додада еліміздің намысын екі спортшы қорғайды. Жекелей сырғанауда Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина жүлдеге таласады.

Шайдоров Бостонда 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері және төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы мәртебесінде өнер көрсетеді.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или