Laureus табыстайтын «жыл серпілісі» номинациясына үміткерлер анықталды

Laureus табыстайтын «жыл серпілісі» номинациясына үміткерлер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Марапатқа алты спортшы үміткер:
Жюльен Альфред – жеңіл атлет, 100 метрге жүгіруден Олимпиада чемпионы;
«Байер» – футбол клубы, Германия чемпионы және Кубок иегері;
Саммер Макинтош – жүзуші, Олимпиаданың үш дүркін чемпионы және күміс жүлдегері;
Летсиле Тебого – жеңіл атлет, 200 метрге жүгіруден Олимпиада чемпионы;
Виктор Вембаньяма – баскетболшы, НБА-ның жылдың үздік жаңа ойыншысы;
Ламин Ямаль – футболшы, Еуропа чемпионы.
Марапаттау рәсімі 21 сәуірде Мадридте өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или