«Эстегляль» – «Әл-Наср»: матчты қайдан көруге болады?

«Эстегляль» – «Әл-Наср»: матчты қайдан көруге болады?

3 наурызда сағат 21:00-де (Қазақстан уақытымен) АФК Чемпиондар лигасы аясында Тегеранның «Эстеглал» командасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» ұжымы арасында матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұлдыз шабуылшы Криштиану Роналду ирандық «Эстеглальға» қарсы өтетін қонақтағы матчта «Әл-Наср» сапында ойнамайды. 40 жастағы голеадор ойын өтініміне енбей қалды.

Қауіпсіздік қызметі Криштиануға Тегеранда өтетін матчқа қатыспауды ұсынды, өйткені жанкүйерлердің жаппай жиналу қаупі бар. Бұған дейін Роналду Иран астанасына келген кезде көшеде тәртіпсіздіктер болған еді.

Топтық кезеңде өткен матчта «Әл-Наср» «Эстеглальды» минималды есеппен жеңген еді, сол кезде команданы Стефано Пиоли жаттықтырған.

Матчты мына сілтемелер арқылы көруге болады: СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или