Қазақстан құрамасы су добынан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы су добынан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қытайдың Чжаоцин қаласында су добынан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл жарыста екі жүлде жеңіп алды.

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары құрлықтық біріншілікте үшінші орынға ие болды.

Ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен матчта Иран командасын жеңді.

Әйелдер арасындағы турнир айналмалы жүйе бойынша өтті. Біздің спортшылар бес кездесу өткізіп, Сингапур, Гонконг және Өзбекстан құрамаларын ұтты. Жапония мен Қытайға қарсы ойындарда жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или