Қазақ таеквондошылары жылдың алғашқы турнирінде 14 медаль жеңіп алды

Қазақ таеквондошылары жылдың алғашқы турнирінде 14 медаль жеңіп алды

Болгария астанасы Софияда «Bulgaria Open G1» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Аталған турнирде ересектер арасында Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты imform.kz-ке сілтеме жасап.

Алтын жүлдені 74 келі салмақта Мақсат Орынбасар жеңіп алды.

Ал күміс жүлдеге Әзірет Дүйсенбек (54 кг), Бектөре Оралхан (58 кг), Батырхан Төлеуғали (80 кг), Нұрлан Мырзабев (87 кг) және Нодира Ахмедова (49 кг) қол жеткізді.

Ал үздік үштіктен көрініп, қолаға қол жеткізген спортшыларымыз — Артур Серік (54 кг), Аманбол Бегімбетов (63 кг), Дамир Шуленов (68 кг), Мерген Ғаниев (80 кг), Нұрай Бауыржанова (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Нұрай Қазынабек (57 кг) және Камила Аймұқашева (62 кг).

Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Қазақстан құрамасы үшін бұл 2025 жылдағы алғашқы халықаралық жарыс.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или