Конькимен жүгіру спорты: Евгений Кошкин Әлем кубогының кезеңінде топ жарды

Конькимен жүгіру спорты: Евгений Кошкин Әлем кубогының кезеңінде топ жарды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды.

Қазақстандық спортшы 500 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетті. Оның уақыты – 34,46 секунд.

Мәреге екінші болып канадалық Лорен Дюбрель жетті – 34,51 секунд. Қола жүлдені нидерландтық Еннинг Де Боо иеленді – 34,52 секунд.

Айта кетейік, бұған дейін осы Әлем кубогының кезеңінде Кошкин үшінші орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или