Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық Виктор Друзин әртістік жүзуден Францияның Париж қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы еркін бағдарламада ең жоғары нәтиже көрсетті. Друзин 127,2000 ұпай жинады.
Екінші орынға грек спортшысы Мариос Критсас (126,6701 ұпай) орналасса, қола медальді Стылянос Фускис (Грекия) жеңіп алды – 123,9413 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін Эдуард Ким техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или