Деле Алли екі жылдан кейін алғаш рет ойынға тіркелді

Деле Алли екі жылдан кейін алғаш рет ойынға тіркелді


Англия құрамасы мен «Тоттенхэмнің» бұрынғы ойыншысы, қазіргі таңда «Комо» сапында өнер көрсететін Деле Алли ұзақ үзілістен кейін алғаш рет ресми матчқа шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай қорғаушы 2 наурыз күні «Ромамен» өтетін А Сериясының 27-тур ойынында алаңға шығуы мүмкін.

Ол соңғы рет 2023 жылдың 26 ақпанында «Антальяспорға» қарсы «Бешікташ» сапында (0:0) ойнап, 735 күн бойы старттық құрамға енбеген еді.

28 жастағы футболшы «Комомен» 2025 жылдың 19 қаңтарында келісімшартқа отырды. Келісім 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Деле Аллидің соңғы клубы «Эвертон» болған. Ол Англия құрамасы сапында 37 матч өткізіп, үш гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или