ҚПЛ: 2-турдағы төрт матчтың тікелей трансляциясы

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында бірінші турдың екінші ойын күнінің матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайсар» - «Жеңіс»
Кездесу Қызылорда қаласында, Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтеді және сағат 15:00-де басталады.
Матчты Sport + Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Тұран» - «Оқжетпес»
Кездесу Түркістан қаласында, «Түркістан Аренада» өтеді және сағат 16:00-де басталады
Матчтың тікелей трансляциясы KFF LEAGUE YouTube арнасында қолжетімді болады.
«Қызылжар» - «Жетісу»
Кездесу Қостанайда, «Тобыл Аренада» өтеді және сағат 17:00-де басталады
Матчты Sport + Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Астана» - «Қайрат»
Кездесу Астанада, «Астана Аренада» өтеді және сағат 18:00-де басталады
Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.