Нұралы Әліп соңғы минуттарда алаңға шықты: «Зенит» пен ЦСКА тең тарқасты

Нұралы Әліп соңғы минуттарда алаңға шықты: «Зенит» пен ЦСКА тең тарқасты


Санкт-Петербургтің «Зениті» Ресей Премьер-лигасының 19-турындағы орталық матчта өз алаңында мәскеулік ЦСКА-мен тең түсті.

Ойын барысында екі команда да басымдыққа ие болған сәттерге ие болды, алайда жанкүйерлер гол көре алмады. Нәтижесінде 0:0 есебімен бітім жасалды.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп кездесуді қосалқы құрамда бастап, 83-минутта алаңға шықты.

Бұл тең нәтижеден кейін «Зенит» 40 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Петербургтік клуб «Краснодардан» бір ұпайға алда. ЦСКА 32 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Келесі турда «Зенит» сырт алаңда «Факелмен», ал ЦСКА өз алаңында «Химкимен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или