«Реал Мадрид» «Арсенал» қорғаушысын қатарына қосуды жоспарлап отыр

«Реал Мадрид» лондондық «Арсенал» қорғаушысы Вильям Салибаны өз қатарына қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Relevo мәліметінше, «Корольдік клуб» футболшының трансфер құқығын 2026 жылдың жазында төмендетілген бағамен сатып алуға немесе 2027 жылдың жазында оны еркін агент ретінде қатарына қосқысы келеді.
2026 жылдың жазында мадридтік команда қорғаныс шебін күшейтуге мәжбүр болуы мүмкін, өйткені Антонио Рюдигер мен Давид Алабаның келісімшарттары аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или