Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлде иеленді

Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы параллель могулда үшінші болып мәре сызығын кесті. Кіші финалда ол америкалық Тесс Джонсоннан басым түсті.
Айта кетейік, ширек финалда Городко командаласы Юлия Галышеваны жеңді. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джейлин Кауфқа жол берді, кейін Кауф жарыстың жеңімпазы атанды.
Күміс жүлдені жапондық Рино Янагимото иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или